loader image

Туроператорларға арналған тұрақтылықты басқару курсы

2020 жылдың 7 қазанынан 25 қарашасына дейін Қазақстанның туристік секторының туроператорлары тұрақты дамуды басқару бойынша оқыту курсынан өтті. Тұрақты даму курсы 8 апталық онлайн сессиядан құрайды, оның барысында тұрақтылықты басқарудың принциптері мен сипаттамалары қарастырылды.

Курстың 8-апталық бағдарламасы аясында туроператорлардың тұрақтылығы байланысты бірнеше мәселе қаралды:

  • Туроператордың тұтынушыларға, қауымдастықтарға, өнімдер мен қызметтерге, жеткізушілерге және ішкі операцияларға қатысты рөлі мен жауапкершілігі.
  • Жеткізу тізбегін басқару және оның тұрақты даму салдары.
  • Тұрақты даму стандарттарын қолдана отырып, экскурсияға қатысатын қатысушылар мен ресурстарға жауапкершілікпен қарау негізінде экскурсиялар әзірлеу.
  • Тұтынушылардың елдің тұрақты дамуына әсері, сондай-ақ тұтынушылармен қарым-қатынас тәсілдері.
  • Тұрақты даму маркетингінің негізгі ережелері: пайданы түсіндіру, қарым-қатынас, тарих құру, шынайылық және адалдық.
  • «Greenwashing» коммуникация мәселелері.
  • Тұрақты даму бойынша ұсыныстар беру үшін орнықты туризм жөніндегі Жаһандық кеңестің (GSTC) өлшемдері.

Сонымен қатар, Travelife тұрақтылықты сертификаттау жүйесі және оның тұрақтылықты басқаруға 6 сатылы көзқарасы қарастырылды:

  1. Кезең: Тұрақты даму үймдастырушісі және басқа да негізгі рөлдерді тағайындау арқылы бизнесті тарту.
  2. Кезең: Компанияның операциялары мен жеткізілім тізбегінің компоненттерін негізгі бағалау және анықтау.
  3. Кезең: Тұрақты дамудың корпоративтік жауапкершілік саясатын әзірлеу.
  4. Кезең: Іс-қимыл жоспарын іске асыру. Сонымен қатар, Travelife іс-әрекетін жоспарлау құралы көрсетілді және түсіндірілді.
  5. Кезең: Жетістіктерді бақылау және бағалау.
  6. Кезең: Нәтижелер туралы есеп және үнемі жетілдіру.

Веб-сайт разработан и создан при финансовой поддержке Европейского Союза. SUSTOUKA несет исключительную ответственность за его контент, который не обязательно отражает точку зрения Европейского Союза.

Sustouka © 2021