loader image

Мақсаттар

Previous
Next

SUSTOUKA жобасының жаһандық мақсаты – елдегі туристерді орналастыру секторында ТТӨ тиісті тәжірибелерін енгізу және экологиялық хабардарлықты арттыру арқылы ел үшін маңызды сала – туризм секторының тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу процесін жеделдету. Бұл көшу даму процесін қалыптастыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және кедейлік деңгейін төмендетуге апаратын жолды қамтамасыз етеді.

SUSTOUKA жобасы Қазақстанның туристерді орналастыру секторында ТТӨ көрсеткіштерін жоғарылату мақсатын көздейді. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін SUSTOUKA:

  • Қазақстандағы туристерді орналастыру секторының шағын, кіші және орта кәсіпорындарын (ШКОК) «жасыл» бизнесті дамыту мүмкіндіктерін пайдалану үшін қажетті білімдермен және құралдармен қамтамасыз етеді.
  • Практикалық нұсқаулықтар мен хабардарлықты арттыру науқандарын әзірлеу арқылы «жасыл» тұтынуды ынталандырады және қоғам мен жеке тұтынушылардың хабардарлығын арттырады.
  • Қазақстандағы туристерді орналастыру секторының қоршаған ортаға әсерін барынша азайту мақсатында неғұрлым тиімді ТТӨ саясаттарын ұсынады.
  • Туристерді орналастыру секторының ШКОК үшін «жасыл» қаржыландыруға қолжетімділікті арттырады.

Веб-сайт Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен әзірленді және жасалды. SUSTOUKA өзінің міндетті түрде Еуропалық Одақ көзқарасын білдірмейтін контенті үшін айрықша жауапты болады.

Sustouka © 2021