loader image

SWITCH-Asia гранттар бағдарламасы аясындағы SUSTOUKA жобасы.

SUSTOUKA жобасы SWITCH-Asia гранттар бағдарламасы аясында әзірленген. SWITCH-Asia гранттар бағдарламасын Еуропалық Одақ қаржыландырады және оның негізгі мақсаты компанияларға неғұрлым таза технологиялар мен неғұрлым тұрақты өнеркәсіптік тәжірибелерді енгізуге көмектесетін, сондай-ақ тұтынушыларға өздерінің күнделікті таңдаулары мен өмір салттарында неғұрлым жауапты әрекет етуге көмектесетін ілкі жобаларды қаржыландыру болып табылады.

2007 жылы SWITCH-Asia іске қосылғаннан бері ЕО секторлардың кең ауқымды спектрінде: аграрлық азық-түлік және балық аулау, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен тұрғын үйлердегі энергетика, туризм, тоқыма және былғары, логистика және жүк тасымалдары секторларында жанама түрде 80 000-ға дейінгі шағын, кіші және орта кәсіпорындарға пайда әкелетін жобаларды қаржыландырады.

SWITCH-Asia гранттар бағдарламасының жұмысы Азияда 14 жыл бойы қаржыландырылып келе жатқан және 500-ден астам азиялық және еуропалық серіктестер жүзеге асыратын 130-дан астам жобаны қамтиды.  ЕО-ның дамудың «жасыл жолына көшумен» байланысты жаңа жоспарларына сәйкес, бағдарламаның Гранттық схемасы ЕО «Жасыл келісімінің» сыртқы өлшеміне және оның тұрақты азық-түлік жүйелері мен cicurlar экономикасы сияқты негізгі салаларына (бірақ тек оларға ғана емес) шоғырландырылатын болады.

SUSTOUKA жобасы және басқа да жобалар туралы соңғы жаңалықтарды алу үшін сайтта, Facebook, Twitter және Youtube желілерінде SWITCH-Asia гранттар бағдарламасының оқиғаларын қадағалап отырыңыздар. SWITCH-Asia миссиясы туралы көбірек білгілеріңіз келсе, видеоны қосыңыздар.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Веб-сайт разработан и создан при финансовой поддержке Европейского Союза. SUSTOUKA несет исключительную ответственность за его контент, который не обязательно отражает точку зрения Европейского Союза.

Sustouka © 2021