loader image

5 күндік марафон Семинар SUSTOUKA = Білім + Мәре сызығындағы меморандумдар.

Мәреге туризм секторын тұрақты басқару саласындағы әлеуетті арттыру бағдарламасы бойынша ұлттық сарапшыларды оқытудың 5 күндік марафоны келді.
Бір апта бойы қазақстандық жетекші спикерлер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері мен еуропалық сарапшылар ұсынған тақырыптардың тұсаукесерлері мен талқылаулары өткізілді. Тренингке қатысушылардың ауқымды ақпарат ағымын меңгеруімен қатар, SUSTOUKA семинарының нәтижесі орнықты даму бойынша жобалар бастамашыларының, KTA және ЮНЕСКО өкілдерінің меморандумдарға қол қоюы болды. Олардың мақсаты – қоршаған ортаны қорғау және Қазақстанның туризм саласындағы орнықтылық әлеуетін арттыру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту.

Қол қоюшылар арасында еліміздің жетекші курорттық аймағының өкілі – Шынарбек Батырханов – Ақмола облысының туризм және демалыс индустриясы Қауымдастығының төрағасы, ҚР Құрметті қызметкері, профессор.
ЮНЕСКО-мен меморандумға қол қою Қазақстанның бірегей табиғи аумақтарының өкілдері үшін ерекше маңызды, өйткені дәл осы халықаралық ұйым табиғат пен тарихи-мәдени мұраның жекелеген объектілеріне әлемдік маңызы бар ерекше мәртебені зерттеумен, бағалаумен және берумен айналысады.
Ақмола облысында ЮНЕСКО құрылымдарымен өзара іс-қимылдың арқасында Қорғалжын мемлекеттік орнитологиялық қорығы ЮНЕСКО Табиғи мұра тізіміне енгізілді. Ал «Бурабай» Ұлттық паркі осы халықаралық ұйымның жоғары мәртебесіне ие болды.

Sustouka жобаны қазақстандық туристік қауымдастық (КТА), Қазақстандық қонақ үйлер және мейрамханалар қауымдастығы (ҚҚжМҚ) және ECEAT (Нидерланды) құрамында EKOTEK (Испания) басшылығымен халықаралық көпсалалы консорциум жүзеге асырады. Жобаны ЕО SWITCH-Asia бағдарламасы арқылы қаржыландырады.

Веб-сайт разработан и создан при финансовой поддержке Европейского Союза. SUSTOUKA несет исключительную ответственность за его контент, который не обязательно отражает точку зрения Европейского Союза.

Sustouka © 2021