2020 жылдың 7 қазанынан 25 қарашасына дейін Қазақстанның туристік секторының туроператорлары тұрақты дамуды басқару бойынша оқыту курсынан өтті. Тұрақты даму курсы 8 апталық онлайн сессиядан құрайды, оның барысында тұрақтылықты басқарудың принциптері мен сипаттамалары қарастырылды.
Курстың 8-апталық бағдарламасы аясында туроператорлардың тұрақтылығы байланысты бірнеше мәселе қаралды:
- Туроператордың тұтынушыларға, қауымдастықтарға, өнімдер мен қызметтерге, жеткізушілерге және ішкі операцияларға қатысты рөлі мен жауапкершілігі.
- Жеткізу тізбегін басқару және оның тұрақты даму салдары.
- Тұрақты даму стандарттарын қолдана отырып, экскурсияға қатысатын қатысушылар мен ресурстарға жауапкершілікпен қарау негізінде экскурсиялар әзірлеу.
- Тұтынушылардың елдің тұрақты дамуына әсері, сондай-ақ тұтынушылармен қарым-қатынас тәсілдері.
- Тұрақты даму маркетингінің негізгі ережелері: пайданы түсіндіру, қарым-қатынас, тарих құру, шынайылық және адалдық.
- «Greenwashing» коммуникация мәселелері.
- Тұрақты даму бойынша ұсыныстар беру үшін орнықты туризм жөніндегі Жаһандық кеңестің (GSTC) өлшемдері.
Сонымен қатар, Travelife тұрақтылықты сертификаттау жүйесі және оның тұрақтылықты басқаруға 6 сатылы көзқарасы қарастырылды:
- Кезең: Тұрақты даму үймдастырушісі және басқа да негізгі рөлдерді тағайындау арқылы бизнесті тарту.
- Кезең: Компанияның операциялары мен жеткізілім тізбегінің компоненттерін негізгі бағалау және анықтау.
- Кезең: Тұрақты дамудың корпоративтік жауапкершілік саясатын әзірлеу.
- Кезең: Іс-қимыл жоспарын іске асыру. Сонымен қатар, Travelife іс-әрекетін жоспарлау құралы көрсетілді және түсіндірілді.
- Кезең: Жетістіктерді бақылау және бағалау.
- Кезең: Нәтижелер туралы есеп және үнемі жетілдіру.