loader image

Қазақстанда тұрақты туризмді дамыту және Travelife жүйесін бейімдеу мәселелері бойынша мүдделі тараптардың кездесуі

23 ақпанда біздің SUSTOUKA жобамыздың аясында туристік бизнес өкілдерінің, экологияны басқару органдарының, табиғат пен жануарлар әлемін қорғаушылардың дөңгелек үстелі болып өтті. Кездесудің басты мақсаты қоршаған ортаға зиян келтірмеу және сақтау, сондай-ақ мәдениеттің бірегейлігін сақтау үшін Қазақстанда туризмді қалай дамытуға болатындығы туралы тараптардың әрқайсысының пікірін есту болды.

Кездесу 3 сессияға бөлінді, олардың әрқайсысына осы салалардың мамандары мен сарапшылары және мүдделі тараптар шақырылды:

  • Экологияны басқару,
  • Әлеуметтік-экономикалық және мәдени аспектілер,
  • Табиғат және жануарлар әлемі.

Төмендегідей түйткілді мәселелерге тараптардың әрқайсысының пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау, көзқарастарын білу өте маңызды болды:

  • туризмді дамыту және сонымен бір мезгілде қоршаған ортаны сақтау мүмкіндіктері,
  • туристік өнімнің түпнұсқалылығын сақтау,
  • жұмыс стандарттарын жоғарылату және еуропалық жұмыс стандарттарын қазақстандық нарыққа бейімдеу,
  • экологиялық нормаларды әзірлеу және енгізу жұмысы,
  • туризм мәдениетін және хабардарлықты арттыру,
  • мүмкіндіктері шектеулі адамдарға көрсетілетін қызметтерді көбейту,
  • нысандарға түсетін рекреациялық жүктемені есептеу және сақтау.

Тұжыра айтқанда, Қазақстандағы туризмді қазақстандықтарға, сондай-ақ шетелдік туристке қызықты етіп қана қоймай, сонымен қатар, тартымды да ете алатын нәрселердің барлығы. Туризм саласындағы жұмыс жергілікті халық үшін тартымды болуы, бірақ оларды әдеттегі өмір салтынан айырмауы және қалыптасқан тұрмысына әсер етпеуі тиіс. Туризм табиғатқа нұқсан келтірмеуі, тұтынушылық сипатта болмауы тиіс, ол адамдарда табиғаттың сұлулығын болашақ ұрпақтарға сақтауға деген құштарлықты оятуы тиіс.

SUSTOUKA «Қазақстандағы туризм секторының ШКОК-да тұрақты тұтыну және өндіріс (ТТӨ) тәжірибелері мен тұрақты даму схемаларын енгізу» жобасы — Қазақстанды Жасыл экономикаға апаратын жолда жасалатын қадамдардың бірі. Біздің маңызды міндеттеріміздің бірі жоба туралы хабардарлықты арттыру және осы процеске мүдделі тұлғаларды тарту болып табылады. Жобаның Алматы қаласы мен Алматы облысында жүзеге асырылып жатқандығына қарамастан, оның табысты кейстері бүкіл Қазақстан аумағында таралатын болады.
 

Естеріңізге сала кетейік, SUSTOUKA «Қазақстандағы туризм секторының ШКОК-да тұрақты тұтыну және өндіріс (ТТӨ) тәжірибелері мен тұрақты даму схемаларын енгізу» еуропалық жобасы EKOTEK (Испания) басшылығымен Қазақстан туристік қауымдастығынан (ҚТҚ), Қазақстандық қонақ үйлер және мейрамханалар қауымдастығынан (ҚҚжМҚ) және ECEAT (Нидерланды) ұйымынан тұратын халықаралық және көп бейінді консорциум болып табылады. Жоба Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен және Еуропалық Одақ Оңтүстік-Шығыс Азияда, Оңтүстік Азияда, Орталық Азияда, Монғолияда және Қытайда қолдау көрсететін ТТӨ жөніндегі ірі бағдарлама – SWITCH-Asia бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Веб-сайт разработан и создан при финансовой поддержке Европейского Союза. SUSTOUKA несет исключительную ответственность за его контент, который не обязательно отражает точку зрения Европейского Союза.

Sustouka © 2021