loader image

Жобада жұмыс істеуге қаржылық мекемелерді тарту арқылы ШКОК-ның Жасыл қаржыландыруға қолжетімділігін жеңілдету бойынша әлеуетті арттыру.

Бүгінгі таңда «Жасыл экономика» саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мемлекет саясатындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Жасыл экономика қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерінде табиғи ресурстарды ұқыпты және ұтымды пайдаланумен сипатталады.

Бүгін біз сіздерді Қазақстан Республикасының жасыл қаржыландыруға мүдделі қаржылық институттарымен онлайн-кездесуді көруге шақырамыз.

Қаржы секторының өкілдеріне жасыл қаржыландыру схемаларының табысты кейстері ұсынылды. Олар жасыл қаржыландырудың мүмкіндіктерімен және Қазақстан Республикасы үшін әлеуетті артықшылықтармен, SUSTOUKA жобасының қызметімен танысты.

Бағдарламаға қатысқан:

• «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілі – Субсидиялау департаментінің директоры Сәуле Қайырғалиқызы Әбішева «Жасыл экономика» саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бағдарламаларын ұсынды.

• АХҚО Жасыл қаржы орталығының аға бизнес-офицері Нағима Аюбаева Қазақстан Республикасында «жасыл» қаржыландыруды дамыту және реттеу тәсілдері туралы әңгімелеп берді.

• Econetwork негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов жасыл қаржыландырудың табысты кейстерімен бөлісті.

• «Қазақстандық қонақ үйлер және мейрамханалар қауымдастығы» ЗТБ менеджері Татьяна Ходоровская Еуропалық жобаның «SUSTOUKA – Қазақстандағы туризм секторының шағын, кіші және орта кәсіпорындарында тұрақты тұтыну және өндіріс тәжірибелері мен тұрақты даму схемаларын енгізу» таныстырылымымен сөз сөйледі.

• ҚҚжМҚ Қонақжайлық Индустриясы Сертификаттау Орталығының директоры Зайтуна Ахиярова SUSTOUKA жобасы аясындағы әрі қарайғы қадамдар таныстырылымымен сөз сөйледі.

Естеріңізге сала кетейік, SUSTOUKA «Қазақстандағы туризм секторының ШКОК-да тұрақты тұтыну және өндіріс (ТТӨ) тәжірибелері мен тұрақты даму схемаларын енгізу» еуропалық жобасы EKOTEK (Испания) басшылығымен Қазақстан туристік қауымдастығынан (ҚТҚ), Қазақстандық қонақ үйлер және мейрамханалар қауымдастығынан (ҚҚжМҚ) және ECEAT (Нидерланды) ұйымынан тұратын халықаралық және көп бейінді консорциум болып табылады. Жоба Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен және Еуропалық Одақ Оңтүстік-Шығыс Азияда, Оңтүстік Азияда, Орталық Азияда, Монғолияда және Қытайда қолдау көрсететін ТТӨ жөніндегі ірі бағдарлама – SWITCH-Asia бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Веб-сайт разработан и создан при финансовой поддержке Европейского Союза. SUSTOUKA несет исключительную ответственность за его контент, который не обязательно отражает точку зрения Европейского Союза.

Sustouka © 2021