loader image

Туроператорларға арналған тұрақтылықты басқару курсы

2020 жылғы 11 қарашадан 15 желтоқсанға дейін Қазақстанның туристік секторының орналасу жерлерінің өкілдері тұрақты дамуды басқару бойынша оқыту курсынан өтті. Тұрақты даму курсы 6-апталық онлайн сессиядан тұрды, онда тұрақтылықты басқарудың принциптері мен сипаттамалары қарастырылды.

Осы 6-апталық бағдарлама барысында қонақүйлерде тұрақты басқарудың бірнеше мәселелері талқыланды:

  • Тұрақты туризмнің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікпен байланысы.
  • Қоршаған ортаны басқарудың негізгі тақырыптарын (энергия, қалдықтар, ластану және т.б.) таныстыру және оларды тұтынуды азайту бойынша кеңестер.
  • Еңбек стандарттары, адам құқықтары, жергілікті қоғамдастықпен қатынастар және т. б. тұрғысынан әлеуметтік тұрақтылықтың маңыздылығы.
  • Тұрақты даму маркетингінің негізгі ережелері: пайданы түсіндіру, тарихты байланыстыру, шынайылық және адалдық.
  • «Greenwashing» коммуникация мәселелері.
  • Тұрақты даму бойынша ұсыныстар беру үшін орнықты туризм жөніндегі Жаһандық кеңестің (GSTC) өлшемдері.

Сонымен қатар, Travelife тұрақтылықты сертификаттау жүйесі және оның тұрақтылықты басқаруға 6 сатылы көзқарасы қарастырылды:

  1. Кезең: Тұрақты даму үймдастырушісі және басқа да негізгі рөлдерді тағайындау арқылы бизнесті тарту.
  2. Кезең: Компанияның операциялары мен жеткізілім тізбегінің компоненттерін негізгі бағалау және анықтау.
  3. Кезең: Тұрақты дамудың корпоративтік жауапкершілік саясатын әзірлеу.
  4. Кезең: Іс-қимыл жоспарын іске асыру. Сонымен қатар, Travelife іс-әрекетін жоспарлау құралы көрсетілді және түсіндірілді.
  5. Кезең: Жетістіктерді бақылау және бағалау.
  6. Кезең: Нәтижелер туралы есеп және үнемі жетілдіру.

Веб-сайт разработан и создан при финансовой поддержке Европейского Союза. SUSTOUKA несет исключительную ответственность за его контент, который не обязательно отражает точку зрения Европейского Союза.

Sustouka © 2021