Нәтижелер
Previous
Next
SUSTOUKA жобасы ең үздік TTӨ тәжірибелерін және Travelife сертификаттау жүйесін енгізу арқылы Қазақстандағы туризм секторының ШКОК-на өздерінің тұрақты даму көрсеткіштерін жақсарту мүмкіндігін береді.
SUSTOUKA жобасын жүзеге асырудан күтілетін негізгі нәтижелер мыналар болып табылады:
- Өкіл-кәсіпорындарда ТТӨ тәжірибелерін енгізу арқылы Қазақстанның туристерді орналастыру секторындағы ШКОК қызметінің тұрақтылығын арттыру және қоршаған ортаға әсерін барынша азайту.
- Қазақстанның туристерді орналастыру секторындағы ШКОК үшін ең үздік ТТӨ тәжірибелері мазмұндалған практикалық нұсқаулықты әзірлеу.
- Travelife тұрақтылықты сертификаттау жүйесінде Қазақстандағы туризм секторының ШКОК қатарынан өкіл-кәсіпорындарды сертификаттау.
- Қазақстанның туристік ШКОК арасында Travelife сертификаттау жүйесін енгізу жөніндегі практикалық нұсқаулықтарды әзірлеу.
- Тұрақты тұтынуды ынталандыру мақсатында туристер мен Қазақстандағы туризм секторының делдал агенттері арасында хабардарлықты арттыру науқанын әзірлеу.
- «Жасыл» қаржыландыруға инвестициялардың неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізу мақсатында ТТӨ тәжірибелерін және туризм секторының тұрақты артықшылықтарын ілгерілету үшін саясат пен қаржылық жағдайларды жасау.
- Қазақстанның туризм секторы үшін ТТӨ тәжірибелерін және Travelife сертификаттауын енгізу саласында сарапшылар тобын құру.
- Осы жобаның іс-шаралары мен нәтижелерін Қазақстанның туризм секторындағы басқа ШКОК-да репликациялау және тарату мақсатында ТТӨ ең табысты тәжірибелерін ілгерілету үшін желілік платформаны әзірлеу.
- Тұрақты туризмнің қолданыстағы желілерімен өзара әрекеттесу және SWITCH-Asia желілік іс-шараларына қатысу.
Бұдан бөлек, жобаны іске асыру нәтижесінде мыналар күтіледі:
- Қазақстандағы туристерді орналастыру секторының өкілдері болып табылатын кәсіпорындардың суды тұтынуын 25%-ға және электр энергиясын тұтынуын 25%-ға азайту.
- Қазақстандағы туристерді орналастыру секторының өкілдері болып табылатын кәсіпорындарда қалдықтарды қайта өңдеуді пайыздық арақатынаста 20%-ға, жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды 15%-ға және туристердің санын 15%-ға арттыру.
- Қазақстандағы туристерді орналастыру секторының өкілдері болып табылатын кәсіпорындарда ТТӨ-ге инвестициялар көлемін 40%-ға ұлғайту.
- Тұрақты даму саласындағы хабардарлық науқандарымен 500 000-ға жуық туристі қамту;
- Қазақстандағы туризм секторының 1 000-ға жуық ШКОК арасында жоба нәтижелері мен практикалық нұсқаулықтарды тарату.
- Жобамен байланысты іс-шаралар мен оқиғаларға 500-ге жуық адамның қатысуы.