loader image

«Mtour»маркетплейсінің тұсаукесері

16 мамырда SUSTOUKA жобасының тең құрылтайшысы КТА алаңында «Mtour» маркетплейсімен бірлесіп zoom – конференция өткізілді: «Mtour.kz -Туризмдегі инновациялық технология».
«Mtour» – емдеу және демалыс орнын табуға арналған маркетплейс. Тұтастай алғанда, платформа медициналық қызмет көрсету бойынша оңтайландырылған онлайн-платформа болып табылады, бұл өз кезегінде медициналық туризмнің дамуына серпін береді. Платформа туристік нарыққа қатысушыларды – санаторийлерді, демалыс үйлерін, туроператорларды, турагенттерді, экскурсоводтарды, гидтерді және туристер тұлғасындағы әлеуетті клиенттерді біріктіру құралы болып табылады.
Спикер ретінде «Mtour» маркетплейс директоры-Матакбаев Алмас Әділжанұлы сөз сөйледі.
«Mtour» маркетплейсінің ресми сайты: mtour.kz
Естеріңізге сала кетейік: SUSTOUKA жобасы-қазақстандық туристік қауымдастықпен (КТА), Қазақстандық қонақ үйлер және мейрамханалар қауымдастығымен (ҚҚжМҚ) және ECEAT (Нидерланды) бірге EKOTEK (Испания) басшылығымен халықаралық консорциум.
Sustouka жобасын Еуропалық Одақ SWITCH-Asia бағдарламасы арқылы қаржыландырады. Қазақстанның туристік секторында «жасыл» қаржыландыру мен экологияландыруды ілгерілетеді.

Веб-сайт разработан и создан при финансовой поддержке Европейского Союза. SUSTOUKA несет исключительную ответственность за его контент, который не обязательно отражает точку зрения Европейского Союза.

Sustouka © 2021