loader image

Қонақ үйлер мен туроператорлар үшін тұрақты басқаруды енгізу бойынша Тренинг

2020 жылғы 9 қыркүйекте SUSTOUKA жобасы шеңберінде Қазақстанның туристік секторының бірнеше туристік агенттері үшін тұрақты туризмді басқару бойынша тренинг өткізілді. Алаңда орналастыру орындары мен бизнестің туристік секторының қызметкерлері жиналды. Кездесуде қатысушылар бизнестің тұрақты дамуын басқаруымен танысты. Болашақта бұл вебинар әр түрлі туристік агенттіктердің қызметкерлері үшін апта сайынғы тұрақтылықты басқару курсымен толықтырылады.

Вебинардың мақсаты: тұрақтылықты басқару туралы негізгі түсінік беру және тұрақты басқарудың келесі курстары үшін тизер ретінде қызмет ету болды. Тақырыпты нақты түсіну үшін вебинарда Дүниежүзілік туристік ұйымның (ЮНВТО) түсіндірмесі бойынша тұрақты туризмнің анықтамасы ұсынылды, сондай-ақ тұрақты дамудың мақсаттары (ТДМ) және Triple Bottom Line (үш өлшемді тұжырымдама) сияқты басқа секторлармен және ұғымдармен байланыс жолдары көрсетілді.

UNWTOның түсіндірмесі бойынша тұрақты туризмның анықтамасы мынандай деп табылады: “Кезекті және болашақтағы экономикалық, әлеуметтік, экологиялық салдарын толықтай ескере отырып, сонымен бірге тұтынушылардың, туризм саласының, қоршаған ортаның және қабылдаушы қоғамдастытардың талаптарын қамтамасыз етіп ұйымдастырылған туризм”.

Вебинарға қатысушылар үшін қызметтің тиімділігін арттыру және тұрақты басқарудың дұрыс құрылған жоспарын орындау арқылы қол жеткізуге болатын тәуекелдерді азайту жәйында мүмкін нәтижелер ұсынылды. Сессия қатысушылары туристік компаниялардың тұрақты даму бағытында қалай жұмыс істеуі керектігі және бренд пен имиджді кеңейту, шығындарды азайту, өнімділікті арттыру, қызметкерлердің қанағаттануы, жергілікті табиғат пен мәдени мұраны сақтау түрінде қандай пайда алуға болатындығы туралы түсінік алды. Осы артықшылықтарды көрсету үшін сәтті ұйымдардың бірнеше мысалдары келтірілген.

Вебинардың қорытынды бөлімінде Travelife орнықтылықты сертификаттау жүйесі және орнықты даму бойынша бизнес-тренинг туралы ақпарат ұсынылды.

Веб-сайт разработан и создан при финансовой поддержке Европейского Союза. SUSTOUKA несет исключительную ответственность за его контент, который не обязательно отражает точку зрения Европейского Союза.

Sustouka © 2021