loader image

Қазақстанда тұрақты туризмді дамуы: Үкімет өкілдерімен сұхбат

АЛМАТЫ – Қазақстанда тұрақты туризмді дамыту перспективалары бүгін Еуроодақ қаржыландыратын «Қазақстандағы туристік сектордың МШОК-та УПП практикасын және орнықты даму схемаларын енгізу» (SUSTOUKA) жобасы шеңберінде ұйымдастырылған конференцияда туристік секторда тұрақты тұтыну және өндіріс практикасын енгізу саласында білім алмасу мақсатында мемлекеттік лауазымды тұлғалардың, ұлттық және еуропалық сарапшылардың қатысуымен талқыланды.

Конференцияға қатысушылар тұрақты туризм туралы ұлттық заңнаманы қарастырды. Пікірталас келесі мәселелерге негізделді: тұрақты саясатты қалай жүзеге асыру керек? Тұрақты туризмнің әлеуетті артықшылықтары? Ұлттық және шетелдік сарапшылар өз білімдерімен бөлісіп, табысты кейстерді таныстырды.

Йоханнес Стенбаек Мэдсен, Қазақстан Республикасындағы ЕО Өкілдігінің ынтымақтастық жөніндегі басшысы «жаңа жұмыс орындарын құратын және жергілікті қоғамдастықтардың өмір сүру жағдайларын жақсартатын шын мәнінде тұрақты туризм үшін мемлекеттік саясат пен бизнесті ынталандыру шараларының дұрыс кешенін әзірлеу үшін мемлекет пен жеке сектор тарапынан барлық тиісті мүдделі тараптар арасында ашық диалог жүргізудің маңыздылығын»атап өтті.

Бақытгүл Хамбар, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұрақты даму жөніндегі үйлестіру кеңесі хатшылығының экономикалық зерттеулер институтының директоры: «туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, осы басым сектор үшін сапа стандарттарын әзірлеп жатырмыз. Біз еуропалық сарапшылардан туристерді орналастыру секторында және туроператорлар арасында енгізілуі мүмкін Travelife тұрақтылығының сертификаттау жүйесі туралы білуге қуаныштымыз. Біздің ерекше табиғатымызды сақтау және пандемиядан кейін жасыл қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін тұрақты туризмді дамыту біздің ортақ жауапкершілігіміз».

SUSTOUKA жобасын Еуропалық Одақ (ЕО) SWITCH-Asia бағдарламасы аясында қаржыландырады. Жобаның жалпы бюджеті: 1,545,547 евро; ЕО салымы-1,236,436 евро. Жобаны іске асыру мерзімі: 36 ай (2020-2023). Жобаны ekotek (жоба үйлестірушісі) бастаған консорциум іске асырады, оның құрамына еуропалық эко – және агротуризм орталығы (ECEAT), Қазақстандық Туристік қауымдастық (ТКТ) және Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы (КАГИР) кіреді. SUSTOUKA Қазақстанның орнықты және бәсекеге қабілетті болуы арқылы инклюзивті жасыл экономикаға көшу процесін жеделдетуге бағытталған.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс қызметкері Эльнура Абаканова ханымға хабарласыңыз, ЕО өкілдігі Қазақстан, Электрондық пошта: elnura.abakanova@eeas.europa.eu; Хуан Антонио Гаскон мырза, жоба үйлестірушісі SUSTOKA, электрондық пошта: jagascon@ekotek.es.

Веб-сайт разработан и создан при финансовой поддержке Европейского Союза. SUSTOUKA несет исключительную ответственность за его контент, который не обязательно отражает точку зрения Европейского Союза.

Sustouka © 2021