2020 жылғы 11 қарашадан 15 желтоқсанға дейін Қазақстанның туристік секторының орналасу жерлерінің өкілдері тұрақты дамуды басқару бойынша оқыту курсынан өтті. Тұрақты даму курсы 6-апталық онлайн сессиядан тұрды, онда тұрақтылықты басқарудың принциптері мен сипаттамалары қарастырылды.
Осы 6-апталық бағдарлама барысында қонақүйлерде тұрақты басқарудың бірнеше мәселелері талқыланды:
- Тұрақты туризмнің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікпен байланысы.
- Қоршаған ортаны басқарудың негізгі тақырыптарын (энергия, қалдықтар, ластану және т.б.) таныстыру және оларды тұтынуды азайту бойынша кеңестер.
- Еңбек стандарттары, адам құқықтары, жергілікті қоғамдастықпен қатынастар және т. б. тұрғысынан әлеуметтік тұрақтылықтың маңыздылығы.
- Тұрақты даму маркетингінің негізгі ережелері: пайданы түсіндіру, тарихты байланыстыру, шынайылық және адалдық.
- «Greenwashing» коммуникация мәселелері.
- Тұрақты даму бойынша ұсыныстар беру үшін орнықты туризм жөніндегі Жаһандық кеңестің (GSTC) өлшемдері.
Сонымен қатар, Travelife тұрақтылықты сертификаттау жүйесі және оның тұрақтылықты басқаруға 6 сатылы көзқарасы қарастырылды:
- Кезең: Тұрақты даму үймдастырушісі және басқа да негізгі рөлдерді тағайындау арқылы бизнесті тарту.
- Кезең: Компанияның операциялары мен жеткізілім тізбегінің компоненттерін негізгі бағалау және анықтау.
- Кезең: Тұрақты дамудың корпоративтік жауапкершілік саясатын әзірлеу.
- Кезең: Іс-қимыл жоспарын іске асыру. Сонымен қатар, Travelife іс-әрекетін жоспарлау құралы көрсетілді және түсіндірілді.
- Кезең: Жетістіктерді бақылау және бағалау.
- Кезең: Нәтижелер туралы есеп және үнемі жетілдіру.