loader image

Әдіснама

Previous
Next

SUSTOUKA жобасын құрамына Ekotek (үйлестіруші, Испания), Қазақстан туристік қауымдастығы (ҚТҚ), Қазақстандық қонақ үйлер және мейрамханалар қауымдастығы (ҚҚжМҚ) және ECEAT (Нидерланды) кіретін халықаралық консорциум әзірлейді.

Жоба Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен, Еуропалық Одақ Оңтүстік-Шығыс Азияда, Оңтүстік Азияда, Орталық Азияда, Монғолияда және Қытайда қолдау көрсететін тұрақты тұтыну және өндіріс (ТТӨ) жөніндегі ірі бағдарлама – SWITCH-Asia бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Жобаның ұзақтығы 36 айды құрайды, осы уақыт ішінде, келесі стратегияларды ескере отырып, іс-шараларды әзірлеу жоспарланады:

  • Қазақстандағы туристерді орналастыру секторының ШКОК-да ресурстардың тұрақтылығы мен тиімділігін арттыру. Біріншіден, тұрақты дамуға кедергі болатын процестерді анықтау мақсатында Қазақстандағы туристерді орналастыру секторының ағымдағы жай-күйін диагностикалық зерттеу орындалады. Екіншіден, оқыту процесін бастау және ТТӨ тәжірибелерін енгізу үшін ШКОК қатарынан өкілдер ретінде 50 кәсіпорын іріктеледі және тартылады.
  • Тұрақты туристік өнімдер мен қызметтерді коммерцияландыру мен тұтынуды ынталандыру мақсатында Қазақстандағы туризм секторының ШКОК-да Travelife тұрақтылықты сертификаттау жүйесін енгізу. Бұған қоса, бұл шара тұрақты дамуға көмектесумен және хабардарлықты арттыру науқандарын әзірлеудің арқасында келушілер мен делдал агенттердің арасында «жасыл» туристік өнімдер мен қызметтерге нарықтағы сұранысты ынталандырумен толықтырылатын болады.
  • Мүдделі тұлғалар мен қаржылық институттар арасында келісімдердің жасалуына ықпалдасу мақсатында жарнамалық шаралар мен дөңгелек үстелдерді өткізу арқылы ШКОК-ның «жасыл» қаржыландыруға қолжетімділік алуына көмектесу үшін қаржылық институттарды тарту.
  • Мемлекеттік мекемелерді тарту және олардың ТТӨ тәжірибелерін саяси деңгейде қолдау міндеттемелерін қабылдауы. Бағдарламада ТТӨ тәжірибелерін енгізуге және мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті құруға ықпалдасу мақсатында дөңгелек үстелдерді, әлеуетті арттыру жөніндегі сессияларды және техникалық қолдау шараларын жүргізу қарастырылады.
  • Қазақстанның туризм секторындағы ШКОК-ның көпшілігінде репликациялау іс-шараларын әзірлеу мақсатында ТТӨ тәжірибелерін, Travelife тұрақтылық схемаларын және маркетингтік стратегияларды енгізу бойынша сарапшылар тобын құру. Бұл топ іс-шара аяқталған соң өз қызметіне тұрақты даму тәжірибелерін енгізуге мүдделі тұлғалардың жақсы құрылымдалған сарапшылар тобы тарабынан қолдау мен көмек алуға сенім арта алуын қамтамасыз етеді.
  • Мүдделі тұлғалар арасында ең табысты TTӨ тәжірибелері мен Travelife жүйесін ілгерілету, тарату және репликациялау үшін желілік платформа мен семинарларды әзірлеу.

Веб-сайт Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен әзірленді және жасалды. SUSTOUKA өзінің міндетті түрде Еуропалық Одақ көзқарасын білдірмейтін контенті үшін айрықша жауапты болады.

Sustouka © 2021