loader image

Алғышарттар

Previous
Next

Қазақстанның туризм секторы, 2019 жылы 4,6 млн. халықаралық келушіні құраған Азия елдеріндегі орташа статистикалық даму деңгейімен салыстырғанда, неғұрлым жылдам қарқынмен дамып келеді. Қазақстан Үкіметінің пікірі бойынша және Қазақстан Республикасының Даму стратегиясына («Қазақстан-2030» стратегиясы) сәйкес, туризм экономикалық әртараптандыруды, Қазақстан халқының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге қабілетті, ұлттық мүдде мен маңыздылыққа ие сала ретінде қарастырылады. 2019 жылы туризм секторының елдің жалпы ішкі өніміне (ЖІӨ) қосқан үлесі 1,8%-ды құрады және ел халқының жалпы жұмыспен қамтылу деңгейінің 2,2%-ын қамтыды. Бұған қоса, Қазақстан Үкіметінің пікірі бойынша, 2023 жылға қарай елдің жалпы ішкі өніміндегі туризм секторының үлесі 8%-ға жетуі мүмкін. Осы айтарлықтай өсуді ынталандыру мақсатында тұрақты даму, елдің табиғи, әлеуметтік және экономикалық ресурстарын ескере отырып, Қазақстандағы туристерді орналастыру секторының басымдығына айналуы тиіс.

Жуырда іске қосылған «Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» бұл мәселе тұрақты тұтыну мен өндірістің (ТТӨ) үздік халықаралық тәжірибелері мен технологияларын ескере отырып қарастырылады. ТТӨ өнімдер мен қызметтердің бүкіл өмірлік циклы бойында олардың жалпы экологиялық көрсеткіштерін жақсарту мақсатын көздеп, осы ретте ең жақсы сападағы өнімдер мен қызметтерге сұранысты ынталандырады және тұтынушыларға саналы таңдау жасауға көмектеседі.

Қазіргі уақытта туризм секторы ұшырасып отырған негізгі қажеттіліктер мен шектеулер мыналар болып табылады:

  • Сапа және тұрақты даму стандарттарының болмауы.
  • Сапасыз жобаланған нысандар.
  • Жеткілікті біліктілігі жоқ адам ресурстары.
  • Климаттың өзгеруінің Қазақстанның табиғи ресурстары үшін жойқын салдары.
  • Туризм секторын қаржыландыруға мемлекеттік бюджеттен ақша қаражатының аз бөлінуі.
  • Жеке сектормен өзара әрекеттесу мүмкіндігінің шектеулілігі.
  • Қаржылық институттардың туризм секторын түсіну деңгейінің шектеулілігі.
  • Маркетинг пен саланы қолдаудың жеткіліксіздігі.

Веб-сайт Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен әзірленді және жасалды. SUSTOUKA өзінің міндетті түрде Еуропалық Одақ көзқарасын білдірмейтін контенті үшін айрықша жауапты болады.

Sustouka © 2021