24 қарашада Өскеменде Латвиядан келген сарапшы Юрис Смалинскис «Белсенді, табиғи, ауылдық және мәдени туризмнің өнімін дамыту» Сустоука жобасы бойынша тренингтің 1-ші күнін өткізді. Жобаны Еуропалық Одақ SWITCH-Asia бағдарламасы бойынша қаржыландырады.
Топольняк Валерия Өскемендегі компанияның директоры, туризмнің сирек бағытымен айналысады – гастро-турларды ұйымдастырады. Ол тренинг қатысушысы болды, себебі кәсіби біліктілігін арттыруға ылғи тырысады.