17 қараша күні Алматы облысына қарасты аттас ауылының “Саты “қонақ үйінде “Sustouka”,жобасын жүзеге асыратын ҚТА «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризм – ұлттық саябақтар, табиғи парктер» тренингінің бірінші күнін өткізді.
Жаттықтырушы – Юрис Смалинскис, халықаралық сарапшы, Латвия ауылдық туризм қауымдастығының мүшесі.
Саты ауылының тұрғындары – қонақ үйлердің иелері мен «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің мамандары, эко-белсенділер, блогерлер, туристік компаниялардың өкілдері, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының Қазақстан ұлттық комитетінің өкілі тренинге қатысты.